Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді

514

Жүк "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілдеріне берілетін болады.  

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.

Тізбеде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.

Гуманитарлық жүкті тиеуді ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жүзеге асырды.

Жүк "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілдеріне берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу