Қазақстан Паралимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды бүгін, 11:542 0 Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Классикалық стильде 1,5 шақырымдық спринтте Александр Колядин Қазақстан қоржыныныңа тұңғыш алтын медальды алып келді. Екінші болып, (қазақстандық спортшыдан 0,8 секундқа қалған) жапониялық Йошихиро Нитта келді, үшінші орында - канадалық Марк Арендс (+1,1).
Дүйсенбіде, 12 наурызда тағы бір қазақстандық шаңғышы Александр Герлицо еркін стильде 20 шақырымдық жарыста жүлделі орынға талпынған, алайда ол төртінші болып келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу