Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 23 қарашада өтеді

843

Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 23 қарашада өтеді

Қазақстан Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58 бабы 4 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласында 2016 жылғы 23 қараша сағат 10-да Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақыртылсын", - делінеді сәрсенбі күні БАҚ-та жарияланған өкімде. Отырыстың күн тәртібі бұйрықта көрсетілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу