20 желтоқсанда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Келісім қазақстандықтардың осы елде заңсыз болуы туралы жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, біздің азаматтарымызды жауапкершілікке тартпай және кіруге шектеулер қоймай, Эстониядан қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бұл елдегі уәкілетті орган қайтару мақсатында құжаттарды дайындауға көмектеседі", - деді құжатты депутаттарға таныстырған Ішкі істер министрі Ерлан Саденов.
Оның айтуы бойынша, келісімде уәкілетті органдар Қазақстан тарапынан Ішкі істер министрлігін, Эстония тарапынан – полиция және шекара қызметі департаментін анықтайды.
"Бұл келісім заңсыз көші-қонмен күресу және халықаралық құқыққа сәйкес адамдарды қабылдау мен транзитке жәрдемдесу үшін жағдай жасайды", - деп қосты министр.