Бұл туралы астық операторының баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Енді көп ұзамай қазақстандық бидай Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығатын болады.
– Ұлттық оператор күрделі мультимодальды бағыттарды игере отырып, қазақстандық бидайға алыс экспорттық алаңдарға жол ашады. Жаңа маусымда Азық-түлік корпорациясы Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығып, қол жеткізілген экспорт көлемін сақтап қалуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Оңтүстік-Шығыс Азия бағытындағы көлік дәліздерін, сондай-ақ Үнді мұхитына шығатын Иран порттары арқылы өтетін бағыттарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, – делінген хабарламада.
2024-25 маркетингтік жылдың қорытындысында Азық-түлік корпорациясы рекордтық 1,3 млн тоннаны сата отырып, астықтың ең ірі ұлттық жеткізушісі болды. Бұл – алдыңғы маусымнан 4 есе көп және соңғы 10 жылдағы ең жоғары нәтиже.
Жаңа маусымда Азық-түлік корпорациясы процестерді цифрландыру, астық қоймаларын дамыту және жаңғырту, фермерлерді, шағын және орта шаруашылықтарды қолдау құралдарын кеңейту бойынша міндеттер қояды.
– Корпорация басшылығы астық есебі мен қозғалысын қоса алғанда, негізгі процестерді цифрландыру жоспарларын әзірлеп, біртіндеп жүзеге асыруда. Бұл операциялардың ашықтығын, мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын арттыруға және фермерлермен өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, – дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов eldala.kz сайтына берген пікірінде.
Бұған дейін қазақстандық астық әлемнің қанша еліне экспортталғаны айтылған еді.