Қазақстан пластик ластануына қарсы жаһандық бастамаларды қолдайды

309

Қазақстан делегациясы Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан пластиктен болатын ластануға қарсы күрес жөніндегі халықаралық келісім әзірлеуге арналған екінші бейресми кездесуге қатысуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан пластик ластануына қарсы жаһандық бастамаларды қолдайды Фото: EcologyofQazaqstan

2026 жылғы 27 қыркүйекте басталған кездесу 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстандық делегацияны вице-министр Ж. Әлиев басқарып отыр.

Оның құрамында Коммуналдық қалдықтарды басқару басқармасының басшысы А. Базаралиева және "Жасыл даму" АҚ өкілдері Д. Ажигалиева мен Р. Ускенбаев бар.

Кездесу барысында қатысушылар болашақ халықаралық келісімнің негізгі мәселелерін талқылап, ұсынылған материалдар мен ұсыныстарды, соның ішінде Үкіметаралық келіссөздер комитеті төрағасының құжатын қарастырады.

Қазақстан тарапы келіссөздерге белсенді қатысып, халықаралық келісімнің негізгі мәселелері бойынша өз ұстанымы мен ұсыныстарын таныстырады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттердің ұсыныстарын ескере отырып, келісімге қатысты тәсілдерді нақтылау және жаңартылған материалдарды әзірлеу жоспарланып отыр.

Қазақстан пластиктен болатын ластануға қарсы күрес жөніндегі тиімді әрі теңгерімді халықаралық құжат әзірлеу жолындағы келіссөздерге сындарлы қатысуға дайын екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу