Дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ.
Шоу алдында концерттік бағдарлама жоспарланған. Концерт 21:00-де басталады.
Бүгін, 23 маусым – Қазақстан Республикасы полициясы күні. Осыған орай Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады. Ведомство басшысы полиция жұмысының маңыздылығын атап өтіп, оның әрдайым әділдік, абырой және ерліктің символы болуы керектігіне назар аударды. Ол әріптестеріне табандылығы, жанқиярлығы және антқа адалдығы үшін алғыс білдіріп, ал ардагерлерге жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін ерекше ризашылығын жеткізді.
– Ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары кәсібилікті, төзімділікті және өз ісіне шексіз адалдықты талап етеді. Бүгін де, бұған дейінгідей, сіздер табандылық, жанқиярлық пен антына адалдық танытып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, амандық және жақсылық тілеймін! – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Аталған мереке 2007 жылы белгіленген және жыл сайын 23 маусымда – 1992 жылы "Ішкі істер органдары туралы" заң қабылданған күні аталып өтеді.