Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

509

Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті Фото: ult.kz

Республикалық референдумның өткізілуі кезеңінде ІІМ құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізілетін болады. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады.

Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқаратын болады.

Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуді сүйемелдейді. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз ететін болады, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде.

Ішкі істер органдары дауыс берудің дұрыс және тыныш жағдайда өтуі үшін барлық шараларды қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу