Қазақстандағы полиция нарядтары синагогалар мен Израильдің дипломатиялық нысандарына патрульдеу бағыттарын жақындатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Елшіліктер және онсыз [қақтығыссыз-ақ] да әрқашан полицияның қорғауында болады. Барлық діни нысандар да Ішкі істер бөлімінің бақылауында болды, біз патрульдеу бағыттарын осы нысандарға іргелес аумақтың бейнемониторингі жүзеге асырылатын қосымша ЖБО (жедел басқару орталықтары) камералары арқылы жақындаттық",-деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу