Қазақстаннан Варшаваға делегация барды. Сапар барысында екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы, машина жасау, жаңартылатын энергия көздері, қаржы, тау-кен металлургиялық кешені, энергетика және т.б. салалардағы 250-ден астам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Польша экономикалық форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Кazakh invest" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара аясында Польшаның мемлекеттік және жеке компанияларымен екіжақты кездесулер өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ "Caspian International Group" компаниясымен, сондай-ақ "PAIH" Инвестициялар және сауда агенттігімен ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойды.
Бірінші құжат аясында "Caspian International Group" ҚР металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Екінші Меморандум тараптарға инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге, болашақ жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан делегациясы Белосток, Бело-Подляск, Познань, Лодзь қалаларында болып, Польшаның "Mlekovita", "Falubaz" кәсіпорындарының және Еркін экономикалық аймақтары қызметімен танысты.
Форумға қатысушылар үшін туризм тақырыбы бойынша фотокөрме ұйымдастырылды, сондай-ақ Мемлекет басшысының "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" Жолдауы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы, Абай мен Шәкәрімнің шығармалары поляк тілінде ұсынылды.