Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы "Парасат" орденімен марапатталды

837

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы "Парасат" орденімен марапатталды

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 6-нан 7 қаңтарға қараған түні Алматы қаласындағы Вознесенский Кафедралды соборында христиан әлемінің басты мерекесі Рождествоға орай салтанатты шара өтті. Онда Қазақстандық және Астаналық Митрополит Александр мінажат ету рәсімін өткізді.

Вознесенский соборындағы шараға ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қатысып, Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Рождество мерекесіне арналған құттықтау хатын оқыды.

Нұрлан Ермекбаев өз тарапынан Православие шіркеуінің ел азаматтарының рухани өміріндегі маңызды рөліне тоқталып,  оның еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға, қазақстандық қоғамның дамуына қосып келе жатқан үлесін  атап өтті.

Іс-шара барысында министр мемлекет басшысының жарлығын орындау аясында Митрополит Александрға мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі,  еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда "Парасат" орденін табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу