Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Abu Dhabi Global Market халықаралық қаржы аймағында болды.
Мемлекет басшысы халықаралық қаржы аймағының қызметі және песрпективасымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар барысында Президент Құрметті қонақтар кітабында жазба қалдырды.
Abu Dhabi Global Market жергілікті және шетелдік қаржы мекемелері жұмыс істейтін халықаралық қаржы орталығы болып саналады. ADGM аймағында ағылшын тілі қолданылады.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев іс-шара барысында "ЭКСПО-2017" павильонымен танысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу