Тоқаев АҚШ елшісімен Қазақстан-Америка қарым-қатынасын талқылады

304

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

 Тоқаев АҚШ елшісімен Қазақстан-Америка қарым-қатынасын талқылады Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан.

Президент экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде, Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, кездесуде сауда, көлік, логистика, "жасыл" энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу