Қазақстан Президенті Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңсесіне барды

746

Президент халықаралық ұйым кеңсесінің ашылуы ел үшін ерекше маңызға ие – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады.

Қазақстан Президенті Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңсесіне барды

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 17 аймақтық бөлімшесі орналасқан кеңсесінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БҰҰ қағидаттарын толықтай ұстанатынын және халықаралық қауымдастықпен қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, адам құқықтарын қорғау мақсатындағы өзара іс-қимылдарын белсенді түрде жалғастыра беретінін айтты.   

"Бұл тамаша ғимарат Біріккен Ұлттар Ұйымының мүдделері үшін қызмет ететін болады. БҰҰ – барлық ел үшін ортақ үй. Біздің ынтымақтастығымыздың арта түсетініне сенімдімін. Әлем қауіпсіздігі жолында БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметін қолдай береміз", – деді Мемлекет басшысы.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура Қазақстан Президентіне алғыс айтып, бұл әсем ғимарат Алматы қаласының сыйы екенін атап өтті. Дипломат жаңа кеңсе Қазақстан мен БҰҰ-ның жақын достығы мен ынтымақтастығының белгісі болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымның жұмысшыларымен әңгімелесіп, кітапхананың және БҰҰ аймақтық бөлімшелер өкілдіктерінің жұмысымен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу