Қазақстан Президенті барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

1310

Мемлекет басшысы мерекенің баршаға бақ-береке әкелуін тілейді.

Қазақстан Президенті барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтау сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлеп, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды игі істерге құрметтеуге үндейтінін айта келе, мерекенің баршаға бақ-береке әкелуін тілейді.

"Дәстүрлі Пасха мейрамы отбасылық қасиеттерді, қайырымдылықты, жақын жанға деген махабатты, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытуын ұлықтайды", – делінген құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу