Қазақстан Президенті Беларусь еліне ресми сапармен баруға дайындалып жатыр

300

Бұл туралы Қазақстан Республикасының осы елдегі елшісі Ерлан Байжанов хабарлады. 

Қазақстан Президенті Беларусь еліне ресми сапармен баруға дайындалып жатыр Фото: pixabay.com

14 желтоқсанда Қазақстанның осы республикадағы елшісі Ерлан Байжанов Минскіде өткен баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларуське алдағы сапары туралы жария етті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазады.

"Екі жақты тарапта өте маңызды белсенділік бар. Біз президенттің ресми сапарына дайындалып жатырмыз. Ол келесі жылдың бірінші жартысында болады деп күтеміз", - деді дипломат.

Сондай-ақ, ол қазір қазақстандық тараптың Минскіге жоғары деңгейде ресми сапар жасау кезегі тұрғанын атап өтті. Жалпы, Байжановтың айтуынша, екіжақты қарым-қатынастар жоғары қарқынмен және серпінді түрде сақталуда.

"Бұл әбден орынды. Себебі, Беларусь Қазақстан үшін, ал Қазақстан Беларусь үшін маңызды серіктес. Біздің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар дәл стратегиялық серіктестік ретінде сипатталады", - деп қосты Байжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу