Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

188

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар, еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу