Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

709

Ол "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін елордаға қаласына келген болатын.  

Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы қазан айында Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Президент Хасан Руханимен табысты келіссөз жүргізгенін айтты. Қазақстан Президенті ирандық әріптесінің Нұр-Сұлтан қаласына өзіне ыңғайлы уақытта сапармен келуін күтетінін жеткізді.

Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі "Astana Club" жұмысынан алған әсерімен бөлісе отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумның пленарлық отырысындағы баяндамасын және жиынның сындарлы атмосферасын жоғары бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу