Қазақстан Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды

279

Бақыт Әбілдинов Қазақстан Республикасы президенті Іс басқарушысының орынбасары болды.  

Қазақстан Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды Фото: akorda.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Бақыт Әбілдинов 1975 жылы 8 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы "Тұран" университетін, 2006 жылы Еуразиялық нарық институтін бітірген.

Еңбек өтілі

2000 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитеті инспекторының м.а.;

2000ж. – 2005ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Қапшағай қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторының м.а., салық инспекторы, жетекші салық инспекторы;

2005ж. – 2007ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы;

2007ж. – 2008ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Қапшағай қаласы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, бөлім басшысы;

2008ж. – 2014ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші маман – жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторы, Алатау ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Ауэзов ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бөлім басшысы, басқарма басшысы.

2014ж. - 2015ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлім басшысының м.а., бөлім басшысы.

2015ж. – 2021ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

2021 жылдың 21 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2022 жылы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу