Президент Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

170

Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу