Қазақстан Президенті мен Иордания Королі "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды

146

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік "Сенім музейінің" жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу