Қазақстан Президенті наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

1150

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында ел халқына Үндеу жолдайды.    

Қазақстан Президенті наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады", – деп жазды Б. Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу