banner

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

998

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу