Қазақстан Президенті саудиялық іскер топ басшыларымен кездесті

1210

Қазақстан Президенті саудиялық іскер топ басшыларымен кездесті

Кездесуге әлемдік деңгейде жұмыс істейтін ірі саудиялық компаниялардың басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Патшалығы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі саналатындығын баса айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Бүгінгі күні біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы көлемін еселей түсуге зор мүмкіншілік бар. 2015 жылдың қорытындысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналымының көлемі 16,3 млн долларды құрады. Бүгінгі күні Қазақстанда Саудия тарапының қатысуымен 17 кәсіпорын жұмыс істейді", - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті екі елдің арасында экономикалық өзара қарым-қатынастың перспективалы бағыттарын да атап өтті.

"Бұл – тау-кен металлургия өндірісі, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, қаржы және исламдық банкинг, атом өндірісі және басқа да салалар", – деді Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу