Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

1660

Президент саммитте қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдер арасындағы кооперацияны нығайтуға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке жылы қарсы алғаны және саммитке жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылық білдіріп, саммитте қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдер арасындағы кооперацияны нығайтуға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.

Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы көпжақты бірлестіктер қызметтерінің мейлінше теңестірілген және айқын қағидаттарын жасау қажеттігін көрсететініне тоқталып, осыған байланысты өзінің пікіріне сәйкес ШЫҰ-ның басты міндеттерін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу