Қазақстан Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке келді

717

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.

Қазақстан Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке келді  Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қасым-Жомарт Тоқаев   Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу