Қазақстан Президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады

821

Кездесу 19-20 мамырға жоспарланған. 

Қазақстан Президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады Фото: Серікжан Қобыланбаев

19-20 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Интерфакс-Қазақстан таратқан ақпаратқа сүйенсек, Мемлекет басшысының сапарына дайындық Тәжікстан сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имоми мен Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Тәжібаевтың кездесуінде талқыланған.

"Тараптар тәжік-қазақстандық стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен одан әрі даму келешегін талқылады, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына ресми сапарына дайындық туралы пікір алмасты. Ол 2021 жылдың 19-20 мамырына жоспарланған", – деп жазады Интерфакс-Қазақстан Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ақпарат және баспасөз басқармасына сілтеме жасап.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу