Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапарының соңында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды.
Тәуелсіздік монументі түрікменнің дәстүрлі киіз үйі бейнесінде салынған. Монументтің айналасында Түрікменстан билеушілері мен әскери жетекшілерінің, ойшылдары мен өнер қайраткерлерінің мүсіндері қойылған.
Қазақстан Президенті дәстүр бойынша Түрікменстанның жүргізіп отырған бейбітшілік, достық және тату көршілік саясатын білдіретін құрметті қонақтар аллеясына тал екті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу