Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды

211

Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қарсы алды. 

Қазақстан Президентін күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ертең, яғни 29 шілде күні, мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу