Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

255

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу