Қазақстан Президентінің шәкіртақысын кім алады?

348

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. 

Қазақстан Президентінің шәкіртақысын кім алады? Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысының 20 шәкіртақысын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін үш ұйым арасында бөлуді көздеп отыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік шәкіртақыны келесідей бөлуді жоспарлап отыр:

  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (4 шәкіртақы); 
  • Қазақ ұлттық өнер университеті (12 шәкіртақы);
  • Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (4 шәкіртақы).

Айта кетейік, құжат 8 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Президенттік шәкіртақы мөлшері бакалаврлар үшін 73320 теңге, ал магистранттар үшін 173974 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу