ҚР Қорғаныс министрлігі Арменияға қару-жарақ жеткізу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
ҚР Қорғаныс министрлігі ондай ақпаратты теріске шығарды.
"Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған. Осыған байланысты, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз", – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.