Тараптар Қазақстаннан ет және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізген.
"Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу