Қазақстан, Ресей, БАӘ "Гагарин бастауын" модернизациялау бойынша келісімге келді

1182

Жыл соңына дейін құжаттарға қол қойылмақ. 

Қазақстан, Ресей, БАӘ "Гагарин бастауын" модернизациялау бойынша келісімге келді

Қазақстан, Ресей, БАӘ жыл соңына дейін Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Гагарин бастауын" қайта жасақтау бойынша үш жақты келісімге қол қояды.  Бұл туралы "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин айтты.
"Келіссөздер жуырда аяқталады. Біз қорытынды кезеңге келдік. Қазір бұл құжатқа қол қоюға қажетті шаралар жасалып жатыр. Жыл соңына дейін барлығын жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Бүгін Асқар Ұзақбайұлымен аталған мәселе туралы сөйлестік. Құжат қабылданған соң, "Гагарин бастауы" дамиды", – деді Дмитрий Рогозин "Қазақстандағы ғарыш күндері" халықаралық форумында.

Бұған дейін "Роскосмос" басшысы Байқоңырдағы бірінші ұшу алаңын қайта жасақтау бойынша жұмыстар келесі жылы басталатынын айтқан болатын. Ал шілде айында "Гагарин бастауын" модернизациялау бойынша Ресей мен БАӘ инвесторлары 90 млн доллар бөлу туралы келісімге қол қойды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу