Мәскеуде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Российские железные дороги" ААҚ және "Беларусская железная дорога" МБ арасында "Бірлескен көліктік-логистикалық компаниялар – Еуразиялық теміржол альянсына" (БКЛК ЕРА) қатысты акционерлік келісімге қол қойылды.
Корпоративтік келісім "БКЛК ЕРА" АҚ акциялар пакетіне қатысты тараптардың міндеттері мен құқықтарын реттейді. Үш акционердің бәрі де теңдей дауысқа ие, өйткені акциялар "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "РЖД" ААҚ және "Беларусь темір жолдары" МБ арасында теңдей – 33,33% бөлінген.
Қол қойылған құжат қоғам мен акциялар айналымын басқарумен байланысты мәселелердің кең спектрін қамтиды. Келісім басқару шешімдерін қабылдау процесінде жанжалдық жағдайларды шешу тетіктерін, Директорлар кеңесі төрағасының лауазымын алмастыру тәртібін, дивиденттік саясаттың жаңа ережелерін айқындайды.
БКЛК ЕРА қызметі Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдарды дамытуға бағытталған. 2015 жылы жоба шеңберінде бұл бағытпен 47,6 мың ЖФЭ тасымалданса, ал 2018 жылы – шамамен 280 мың ЖФЭ. Биылғы жоспарда тасымал көлемінің өсімі қарастырылған.