Қазақстан Ресей депутатының ұсынысын қабылдамайды

1011

Қазақстан Ресей депутатының ұсынысын қабылдамайды

Қазақстан Ресей депутатының ұсынысын қабылдамайды, 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін олимпиадаға қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Министрдің айтуынша Ресей президенті бұған қатысты түпкілікті пікірін айтқан. Ресей билігі өз елінің спортшыларына 2018 жылғы қысқы олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуға рұқсат берген. "Мен бұл ұстанымды қолдаймын. Егер Путин ресейлік спортшыларға рұқсат беріп отырса,  біз неге қатыспау керекпіз",- деді Мұхамедиұлы.
Еске сала кетсе, Ресей ХОК атқарушы комитетінің шешімімен жарыстан аластатылған еді.  Осыған байланысты, Ресейдің бірқатар ақпараттық агенттіктері таратқан мәлімет бойынша, Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов БРИКС құрамындағы елдердің, Беларусь пен Қырғызстанның ұлттық олимпиада комитеттерінен Ресеймен ынтымақтастығының белгісі ретінде жарысқа қатыспауды сұраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу