Қазақстан, Ресей мен Беларусь кедендік баж салығын өзгертпек

234

Аталған заң жобасы Мәжіліске 2024 жылғы 4 тамызда Үкімет қаулысымен енгізілді.

Қазақстан, Ресей мен Беларусь кедендік баж салығын өзгертпек Фото: uainfo.org/blognews

Енді Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде орталық банктер арасындағы қарсы міндеттемелердегі айырма сома ресейлік рубльмен аударылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Парламент Мәжілісінің қарауына "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы келіп түсті.

"Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу мен бөлу және оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттеріне аудару тәртібі туралы хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің қарсы міндеттемелерінің сомаларын аудару механизмін айқындайды. Сонымен бірге, 2022 жылдан бастап Ресей Федерациясы АҚШ долларындағы қарсы міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды тоқтатты (ЕАЭО туралы шарт аясында). Бұл тұрғыда осы Хаттамаға уақытша механизмді анықтауға қатысты өзгерістер енгізіліп отыр. Оған сәйкес Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде орталық банктер арасындағы қарсы міндеттемелердегі айырма сома ресейлік рубльмен аударылады", - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева.

Оның айтуынша, аталған өзгерістерді енгізу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттеріне кедендік бажды тұрақты аударуды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу