Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға айдаудан қанша табыс табады?

2412

Ресейдің мұнайы көршілес Қытайға тасымалданып жатыр.

Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға айдаудан қанша табыс табады? Фото: canva.com

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов бұл транзиттен Қазақстан қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“2014 жылдан бастап транзит Ресей мұнайы ҚХР-ға тасымалданады. Басында жылына 7 млн тонна болған еді. Қазір оның көлемі жылына 10 млн тоннаны құрайды. Егер де қазіргі транзит туралы айтатын болсақ, жылына 10 млн тонна бойынша он жылға келісімшартқа қол қойылды.  Тасымалдаудан еліміз айырбастау операциялары арқылы барлық кезеңде 1,7 млрд доллар табыс табады”, - деді ведомство өкілі.

Вице-министр бұл соманың он жыл ішіндегі қаражат екенін атап өтті.

“Өзбекстан бойынша да айырбастау операциясы жұмыс істейді. Онда тасымал көлемі аздау”, - деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кету керек, осыған дейін былтыр Ресей Қазақстан арқылы Қытайға 10 млн тонна мұнай тасымалдағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу