Қазақстан Ресей мұнайының транзитіне тариф құнын көтерді

724

Қазақстан Ресей мұнайының транзитіне тариф құнын көтерді

"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан арқылы өтетін Ресей мұнайының транзитіне тариф құнын көтерді, деп хабарлайды Инерфакс-Қазақстан.

Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы 2017 жылғы 16 қыркүйектегі бас келісіммен Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына, оның ішінде "ҚазТрансОйл" АҚ  магистральдық құбырларымен "Шағыр" мұнай құю пунктіне дейін жеткізу құпталды.
"ҚазТрансОйл" АҚ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей мұнайының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитіне 1 тонна үшін 25,12 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде (ҚҚС-сыз) тариф белгіледі.

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – "Шағыр" мұнай құю пункті" бағыты бойынша мұнай айдау 1 мың шақырымға 1 тонна үшін 12,85 АҚШ доллары мөлшерінде болады. Сонымен қатар "Шағыр" мұнай құю пунктінде темір жол цистернасына мұнай құю 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу