Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Нефть и газ Казахстана" телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша, Каспий құбыры консорциумы желісі бойынша мұнай айдау қиындаған жағдайда бұл екі бағыт санкцияларға байланысты жеткізу экономикасы нашарлаған Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттауға мүмкіндік беріп отыр.
"2026 жылдың ақпанында "ҚазТрансОйл" АҚ ҚР Энергетика министрлігі жүк жөнелтушілердің өтінімдері негізінде бекітетін тасымалдау кестесіне сәйкес Қазақстан мұнайын Ақтау портынан БТД арқылы одан әрі тасымалдау үшін тиейтін болады", – деп мәлімдеді мұнай тасымалдаушы компания.
"ҚазТрансОйл" компаниясының мәліметінше, 863 мың тоннаны құрайтын Ресей мұнайының тасымалы бекітілген келісімдер мен қолданыстағы транзиттік міндеттемелер аясында жүзеге асырылған.
Аталған көрсеткіштер Қазақстанның мұнай тасымалы саласындағы транзиттік әлеуетін және Қытай бағытының стратегиялық маңызын көрсетеді.