Қазақстан-Ресей шекарасында героиннің аса ірі партиясымен Қырғыз азаматы ұсталды

816

Есірткі тасымалдаушылар Батыс Қазақстандағы "Сырым" автокөлік өткізу пунктінде ұсталған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан-Ресей шекарасында героиннің аса ірі партиясымен Қырғыз азаматы ұсталды

Шекарашылар қылмысты "Леди" атты қызметтік иттің көмегімен ашқан. Атап айтқанда Қырғыз Республикасының "Т" атты азаматының "Renault Magnum" автокөлігі тексерілген. Тексеру барысында жалпы салмағы 135 келі, 493 гр, 52 мг болатын, өзіне тән иісі бар, ақ-сұр түсті зат артқы дөңгелектерінде жасырылған пакеттер анықталды.

Ұсталған және тәркіленген зат одан ары ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне берілген. Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген заттың салмағы 39 келі 341 гр, 77 мг героин және салмағы 96 келі 151 гр 75 мг гашиш екені анықталды.

Өткен жылдың желтоқсан айында "Джек" атты қызметтік иттің көмегімен Қазақстан-Қырғыз шекарасында жалпы салмағы 60 кг, 370 гр героиннің ірі партиясы табылған еді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу