"Қазақстан - Ресей шекарасында қақтығыс туындады": ҚР ІІМ видеоға түсінік берді

388

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасында туындаған қақтығыс салдары деп сипатталған видео тараған.

"Қазақстан - Ресей шекарасында қақтығыс туындады": ҚР ІІМ видеоға түсінік берді Фото: Видеодан алынған кадр

ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы ақпаратқа түсінік берді. Inbusiness.kz бұл туралы Stopfake.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасында туындаған қақтығыс салдары деп сипатталған видео тараған.

Видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген. Ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында орын алған. Қазір онда әскери техника тартылып жатыр-мыс.

ҚР ІІМ мәліметінше, мұның бәрі – жалған.

"ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай облысындағы шекарада арандату болғаны туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған екендігін хабарлайды.

Видеода биылғы 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық жаттығуға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу