Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін

638

"Росгранстрой" Ресей мен Қазақстан арасындағы өткізу пунктіндегі кептеліс туралы ескертті. 

Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін Фото: Урал56.ру

Орынбор облысындағы "Маштаково" өткізу пунктінде Ресей мен Қазақстан шекарасында порталдық инспекциялық-тексеру кешендері орнатылған жерлерде жол жамылғысына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Сондықтан жиналған көлік саны артып, кептеліс болуы мүмкін. Тиісінше, бақылау процедураларынан өту уақыты артады. Осы орайда "Росгранстрой" жол жөндеу жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі деп хабарлады.

14-22 мамыр аралығында Ресейден Қазақстанға шығуға жолдама бойынша өткізу пунктінде орнатылған порталдық инспекциялық-тексеру кешені аймағында жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары өтеді.

23-31 мамыр аралығында — Қазақстан тарапынан Ресейге кіруге арналған жолдама бойынша өткізу пунктінде орнатылған порталдық инспекциялық-тексеру кешені аймағында жөндеу жүргізіледі.

"Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанша портал кешендерінің көмегімен жүктерді сканерлеу тоқтатылады. Оның орнына шекарашылар көлікті өздері тексереді", - делінген ақпаратта.

Сондықтан бақылау процедураларынан өту уақыты артуы әбден мүмкін.

Жүргізушілерге мемлекеттік шекарадан өту уақытын мұқият жоспарлау, не Саратов облысындағы Озинки немесе Орынбор облысындағы Теплое сынды басқа өткізу пункттерін пайдалану ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу