ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған.
"Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу