Қазақстан-Ресей шекарасында тауарды заңсыз жеткізу фактісі анықталды

685

Тауар тұрғылықты мекенжайы жоқ адамның атына рәсімделген.

Қазақстан-Ресей шекарасында тауарды заңсыз жеткізу фактісі анықталды

Батыс Қазақстан облысында құны 7 млн теңге болатын халық тұтынатын тауарларды заңсыз жеткізу фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

11 маусымда Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде тауарды заңсыз жеткізу дерегі тіркелді.

"БҚО бойынша МКД-ның қызметкерлері 6 млн 957 мың 481 теңге (1 млн 189 мың 313 рубль) болатын халық тұтынатын тауарлар тиелген қазақстандық компанияның атына тиесілі Ресейден келе жатқан көлікті тоқтатты", - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Деректерді талдау нәтижесінде қазақстандық компанияның тауар импортына қатысы жоқ екендігі анықталды. 

"Ал жалғыз құрылтайшы мен басшы болып саналатын тұлға ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне ешбір қатысы жоқ екені белгілі болды. Ол 
ішімдік ішкені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, тұрғылықты жері жоқ адам болып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

"Қосылған құн салығын төлемеу түріндегі бюджет шығыны есептеліп жатыр. Іске қатысы бар күдіктілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу