Қазақстан – Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Еліміздің шығысындағы "Сырым" бақылау-өткізу бекетінде қалыптасқан 4 шақырымдық кезекте жүргізушілер тәуліктеп тұруға мәжбүр. Көлік иелерінің сөздерінше, кептеліс тек Қазақстан жағында, ал арғы бетте еш мәселе жоқ көрінеді.
Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, кеден бекетінде үш адам штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 160 жүк көлігі Ресейге өте алмай тұрса, келесі жақта шамамен 30 көлік бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу