2024 жылдың 13 желтоқсанға қараған түнінен бастап "Сырым" авткөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігі жиналып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысы аумағында ауа-райы нашарлап, қалың қар түсіп, боран соғып, көктайғаққа байланысты жүк көліктері 12 желтоқсаннан бастап өте алмай, тұрып қалған.
— Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелді, Ресей ТЖМ мәліметі бойынша шектеулер шамамен 13 желтоқсан сағат 22:00–ге дейін қолданылады, — делінген хабарламада.
Осы жағдайларға байланысты жүк көліктерінің қозғалуға мүмкіндігі жоқ және олар ауа-райының жақсаруын күтіп жатыр.
Аталған жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, кемпингтерде ауа-райы жақсарғанша күтіп, басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрут құру ұсынылды.