Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуал ерекше бақылауда

828

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады, деп жазды Inbusiness.kz.

Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуал ерекше бақылауда

"Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан. Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда. Ахуал ерекше бақылауда", – деп хабарлады ведомство.

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.

Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.

ҰҚК Шекара қызметі жұмыс барысында халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алатынын да хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу