Бұл туралы республиканың экспорт агенттігінің директоры Бахриддин Сирожидинзода хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Trend порталына сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда біз Тәжікстанның Санкт-Петербург пен Мәскеуде, сондай-ақ Сауд Арабиясында, Қазақстанда және Түркияда сауда үйлерін құру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз. Бұл жоба әзірлену үстінде", - деді ол.
Бұл сауда үйлері тәжік кәсіпорындарында өндірілетін тауарлардың үлгілерімен танысу, өндірушілермен байланысу және тапсырыстарды орналастыру мүмкіндігін береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу