Қазақстан-Ресей жекелеген шекаралық учаскелеріне демаркациялау құжаттарының жобасы бекітілді

602

Қазақстан – Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 104-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.   

Қазақстан-Ресей жекелеген шекаралық учаскелеріне демаркациялау құжаттарының жобасы бекітілді

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті, мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін белгілеуге байланысты кешенді мәселелер талқылап, алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын нақтылады.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы жағдайда өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылдың ақпан айында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу